2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарына жергілікті атқарушы органдардан өтініштер қабылдау басталды. Әкімдіктер әр жылы нақты мамандықтар бойынша студенттерге гранттар бөледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл әкімдіктер 1729 білім беру грантын бөлді.
526 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант, Шымкент қаласы – 285, Атырау – 265, Жамбыл облысы – 215, Абай облысы – 200, Түркістан – 180, Батыс Қазақстан облысы – 128 грант, Маңғыстау облысы – 108 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы толық ақпаратты әкімдіктерден және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Гранттар туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Әкімдік бөлген грантты универсиеттер арасында бөлу үшін білім басқармасы конкурс жариялайды. Әр университет конкурсты жариялау туралы хабарландыруда көрсетілген білім беру бағыттары бойнынша мамандарды даярлауға конкурстық өтінім және ақпараттық карта ұсынады.
ЖОО құжаттарды тапсырған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссия кадрлар даярлауды іске асыратын ЖОО тізімін және білім беру бағдарламалары бойыша бойынша нақты орын санын (грант) айқындайды. ЖОО анықталған соң қалалық білім басқармасынының интернет сайтынан және Instagram парақшасында жарияланады. Сол кезде құжаттарды ЖОО-ға қабылдау мерзімдері көрсетіледі.
Әкімдік грантын иелену үшін талапкер комиссиямен анықталған университетке барып мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Ректор атына еркін нысандағы өтініш;
2) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3) Жеке куәлік көшірмесі;
4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
5) Ф 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) ҰБТ сертификаты;
7) Ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық) (бар болған жағдайда);
8) Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (бар болған жағдайда);
9) ҚР азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады (бар болған жағдайда).
ЖОО өтінім берген талапкерлердің құжаттарын комиссияға ұсынады, комиссия конкурстық негізде әр ЖОО мен мамандық бойынша грант иегерлерінің тізімін анықтайды. Конкурс нәтижесі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Грант иегерлеріне жергілікті білім басқармасы тарапынан сертификат беріледі, сол сертификат негізінде ЖОО ректоры бұйрық шығарып, талапкер сол білім беру ұйымына оқуға қабылданады.
Талапкерлер арасында конкурс ҰБТ сертификатының балдары бойынша өткізіледі.
Грантты алуға арналған конкурсқа қатысқан талапкерлердің ҰБТ балдары тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:
1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар;
2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
6) жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңiмпаздары;
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және үздік білімі туралы бар адамдар.
Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балдары жоғары адамдарға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
Айта кетейік, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант ала алмаған түлектерді қандай мүмкіндіктерді пайдалануға болатыны туралы айтты.