Әкім Астанадағы мектеп пен балабақша тапшылығы туралы айтты

22 Желтоқсан 2023, 13:24 3655

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада мектеп пен балабақша тапшылығы қалай шешіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанадағы білім беру жүйесі мектептер мен балабақшалардағы оқушы орындарының айтарлықтай тапшылығына тап болды, әсіресе жаңа құрылыс аудандарында көбірек байқалады. Мәселені шешу үшін биыл 7 мектеп пайдалануға берілді, тағы 5 мектептің құрылысы аяқталып келеді. 2024 жылы 25 мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде жекеменшік – 3, мемлекеттік – 7 және «Жайлы мектеп» жобасы бойынша – 15. Жалпы, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасады, - деді әкім.

Осылайша, 2028 жылға дейін екі ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған 80-нен астам мектеп салынады.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: