Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСол жылы Дина «Адай» күйінің бір вариантын алып келді. Күйдің жалпы кейпі Қалидың вариантынан алыстап кетпейді. Онда тек Динаның өзіне ғана тән орындауышлық әдісімен байланысты мелодиялық, өлшеулік, ырғақтық, екпіндік, динамикалық, қағыстық құбылулар, шебер қолмен салынған өрнектер бар. Өзінің орындаушылық өрісі кең жатқан Дина ұстазының күйін адал үйренгеннің өзінде де, кейбір жерлерін құбылта, әшекейлей тартып кете береді. Ол кемістік емес, әрбір дарынды орындаушылардың басында болатын жағдай.
«Серпердің» бір түрін 1937 жылы Дина алып келді. Динаның вариантында недәуір айырмашылық бар. Оның себебі – дарынды күйші «Серперді» өз оригиналында тарта беруге іші пысып, өзінің орындаушылық асқан дарынының арқасында өзгертіп алып жүре берген болу керек. Әрине одан күй нашарлап тұрған жоқ. Сонда да, бір айта кететін жайт – бұл вариант Динаның өзінен басқа біреу орындағанда өте жүдеу болып шығады.
Құрманғазының шәкірті болғанымен Динаның орындаушылығында, шығармашылығында өзіне тән дәстүрі болатын. Дина Құрманғазы шәкірттерінің ішіндегі ең күшітісінің бірі, ұстазын өле-өлгенше қастерлеу, мадақтаумен кетті.
Қазақстан үкіметі Дина Нұрпейісованың еңбегін ескеріп, оған республиканың халық әртісі деген атақ берді.
Ұлылар туралы ұлы тұлғалардың осындай керемет естеліктері алдағы уақытта жарияланып отырады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары