– Қостанай облысындағы өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін барады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ алапат өрттің өршуіне байланысты ауыл тұрғындары эвакуацияланды.