«Әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен». Жамбыл облысында 4 бала жол апатына түсті

17 Қыркүйек, 10:32 432

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, төрт бала ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың бірі әкесіне тиесілі көлікті рұқсатсыз мініп кеткен. «Тараз – Жаңатас» бағытында асқан жылдамдықпен жүйткіген көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған.

Таңғы төрт шамасында болған апаттан төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ота жасау үшін шұғыл түрде 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға ауыстырылған.

2007, 2008 жылғы балалар. Басы жараланған. Жағдайы ауыр. Қазір біздің аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бақылауда, - дейді Сарысу ауданы орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Кәлікова.

Енді көлік жүргізу куәлігі болмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалмақ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: