“Әкеңе ұқсасаң жаман ба?”. Анама ғана ұқсаймын деген Роза Әлқожаның қызын жұрт сынап тастады

6 Қараша 2023, 14:09 3430

Әнші Роза Әлқожаның қызы Ақбота Айдынқызының сұхбат барысында айтқан сөздері желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Рза Әлқожа қызы өзіне қатты ұқсағанына қарамастан, көпшілік оны әкесіне ұқсататынын жасырмады.

Әкесіне тартыпты деп көбісі айтып жатады. Мұрны, ерні, құлағы бәрі өзіме ұқсап тұрғаннан кейін бұл да маған ұқсаймын дейді, - деп айтты Роза Әлқожа.

Ал әншінің қызы Ақбота Айдынқызы әкесіне ұқсамайтынын тағы да бір рет айтуды жөн санапты.

Әкеңе ұқсайсың деген кезде маманың 20 жасындағы фотосын алып, бәріне көрсеткім келеді. “Жоқ, міне, мен мамама ұқсаймын” дегім келеді. Негізі, мен шынымен де мамаға көбірек ұқсаймын, - дейді Роза Әлқожаның қызы Ақбота.

Желі қолданушылары жас актрисаның әкесінен аумай қалғанын айтып, жазып жатыр.

“Айдын ағамыз қарапайым, сабырлы адам ғой, әкесіне ұқсайды”, “Әкесін жақтырмай отыр ғой қызы”, “Әкесі ренжіп қалған шығар”, “Әкесіне ұқсаған қыз бақытты”, - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, Роза Әлқожаның қызы Ақбота Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін қызыл дипломға бітіріп, академияға оқуға тапсыруға барғанда, комисиия мүшелері «бойы талапқа сай емес» деп емтиханға жібермеген. Әнші әлеуметтік желі арқылы шағымын жеткізген еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: