"Әкемді көргім келеді". Әнші Толқын Забирова өмірдегі өкінішін жеткізді

25 Желтоқсан 2023, 11:00 9660

Елімізге танымал әнші Толқын Забирова  "Алғашқы" бағдарламасында әкесіне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен әкемді өмірімде көрген жоқпын. Баланың есінде ондай нәрселер қала ма, жоқ па. Кішкентай дастархан бір еркекті көремін, бірақ кім екенін білмеймін. Мүмкін, менің әкем де шығар, - дейді әнші. 

Өнер иесі көз алдында әкесінің бейнесі жоқ екенін жасырмады.

Менің әкем күшті деп басқа балалар айтқан кезде мен жылап жатамын. Менің әкем жоқ. Толық отбасында өсу арман ғой. Мен өзімді әкесіз өстім, бірнәрсе жетпеді, біреуден кеммін деп ешқашан айта алмаймын. Өйткені, менің аналарым, әжем болды. «Әкем қайда?» деп маманан сұрағанда «Қайтыс болды» деп айтқан. Негізі өзім іздеп барып, алдынан өтсем деген ниетім болды. Мүмкін, кешірім сұраймын ба.., - дейді Толқын Забирова.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: