«Әкем ұл болғанын қалады». 11 балалы отбасының оқиғасы көпшілікті тәнті етті

15 Сәуір, 10:58 6320

Әлеуметтік желіде өзінің үлкен отбасы туралы айтып берген қазақстандық қыздың бейнежазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттік 21 жастағы Бұлбұлханым әпкелері мен ағалары туралы видео жариялады. Видеода ол отбасында тоғыз қыз, екі ұл барын айтқан.

Видеоның астында бес жүзден астам пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары көпбалалы ананың нағыз батыр екенін атап өтті.

Желі қолданушылары «11 бала?», «Ана – нағыз батыр екен», «2015 жыл әкеңіз үшін ең бақытты жыл болған сияқты», «Ана – әлемдегі ең бай әйел» деп жазды.

Әкемнің аты – Сұлтанбек, ал анамның аты – Мәдина. Әкем 51 жаста, анам одан бір жас кіші. Мен отбасымдағы төртінші үлкенмін. Ата-анамыздың тұңғышы Айдана, ол қазір 29 жаста, отбасын құрған, өзінің шағын кәсібі бар. Келесі кезекте 27 жастағы Жарқынай, қазір сәбиіне күтім жасау үшін декреттік демалыста. Одан кейін 26 жастағы Ұлболсын әпкем бар, мамандығы мұғалім, ол да декреттік демалыста, – дейді Бұлбұлханым.

Бұлбұлханым өзі қазір 21 жаста, Шымкент жоғары оқу орындарының бірінде  математика және статистика мамандығы бойынша білім алып жатыр. Биыл ол оқуын аяқтайды.

Менен кейін бес кіші бауырым бар. 19 жасар Ұлжалғас университетте "Жалпы медицина" мамандығы бойынша үшінші курста оқиды, содан кейін 16 жасар Алтынай бар, ол биыл мектеп бітіреді. 15 жасар Нұрбақыт тоғызыншы сыныпта оқиды. Содан кейін 14 жасар сіңлім Еркежан жетінші сыныпта оқиды. Келесі кезекте Інжу, ол 11 жаста және бесінші сыныпта оқиды. Отбасындағы ең кішкентай інілерім, олар 2015 жылы дүниеге келген. Олардың есімдері Нұрсұлтан мен Бексұлтан, қазір олар 9 жаста, үшінші сынып оқушылары, - деді Бұлбұлханым.

Қоғамда көпшілік көпбалалы отбасында өсу оңай емес екенін жиі айтып жатады, бірақ 10 баламен бірге өскен Бұлбұлханым отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы тамаша екенін атап өтті.

Біз әрқашан бір-бірімізге көмектесуге, бір-бірімізге қолдау көрсетуге тырысамыз. Біз үй шаруасын бәріне теңдей бөліп, бірлесіп, тез аяқтаймыз. Менің үш үлкен әпкем күйеуге шыққан, олар бөлек тұрады. Ұлболсын-Астанада, Айдана мен Жарқынайда-Шымкентте. Әкем мен анам және қалған бауырларым бәріміз бірге тұрамыз. Біздің отбасылық мерекелер әрқашан көңілді өтеді. Біздің бүкіл отбасы мүшелерін дастархан басына отырғызу үшін әрқашан өте ұзын үстел қажет. Біз бәріміз бірге болғанды жақсы көреміз, ән айтамыз және жай әңгімелесеміз. Отбасына қамқорлық жасаудан басқа, әркімнің өз ісі бар. Сондықтан әрқашан бір-біріне айтатын, бөлісетін нәрсе бар, - деп атап өтті Бұлбұлханым.

Болашақта бұлбұлханым ата-аналардың армандарын орындап, олармен бірге саяхаттап, оларға әлемнің түрлі елдерін көрсеткісі келеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: