"Әкем бірден құлады". Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелі Екатерина туралы айтты

5 Желтоқсан 2023, 13:25 3491

Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет отбасында болған жағдайлар туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әншінің бірінші әйелі ата-анасымен бірге тұрғысы келмеген. 

15 жыл бірге тұрдық. Әрдайым өзімді әлі де кінәлімін деп есептеймін. Ерлі-зайыпты ажырасқанда әркез ер адамды кінәлайды ғой. Еркек те еркекті кінәлайды, әйел де еркек ті кінәлайды. Сол себепті жүрегін жаралағаныма өзімді кінәлі сезінемін. Ортақ балаларымыз бар, араласып тұрамыз. Балалар есейіп қалғандықтан сәл алыстап қалдық. Бірінші жеңгелеріңмен ажырасудың себебі басқа. Жылдар бойы жіпке тізілген себеп, - деді ол.

Ал әнші екінші әйелін Екатеринаның артынан бір жыл жүгіргенін айтты. Ал орыс ұлтының қызы Екатерина әншінің ата-анасына бірден ұнап қалған.

Менен бұрын менің әкем ғашық болды. Қатямен танысқан кезімде бірінші әке-шешеме көрсеттім. Өтірік айтпаймын, әкем Катяны көрген кезде бірден құлады. Әкем "сенің әйелің осы, саған пысық әйел керек" деді. Шынымды айтсам, бірінші әйелім ата-анама басынан ұнаған жоқ. ,Біз бөлек тұрдық. Мадина жеңгелерін олармен тұрғысы келмеді. Мүмкін ажырасқанымыздың бір себебі де осы шығар. Оған менің әке-шешемнің өкпесі бар шығар. Себебі мен кенжемін. Олармен менімен тұру керек. Сондай келіспеушіліктер жіпке тізіле береді. Ал, Катя оларға бірден ұнады. Кейде "әкем өзі ғашық саған" деп әзілдеймін. Әкем екінші келініне батасын беріп, 92 жасқа келіп қайтты. Оның ұзақ өмір сүруінің себебі, мүмкін келінінің жақсы қарағанынан да шығар деп ойлаймын. Анам 94 жасқа келді, оған да келіні жақсы қарап отыр, – дейді композитор "Менің өмірім" бағдарламасында. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: