Ақтау әуежайының маңындағы апаттан қайтыс болған AZAL компаниясының ұшқышы Игорь Кшнякиннің қызы әлеуметтік желіде әкесіне арнап жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әке, сен менің батырымсың. Жүрегімде мәңгі қаласың. Сен өз өміріңді құрбан ете отырып ондаған адамды құтқару үшін қолыңнан келгеннің бәрін істедің. Сен қай кезде де батыл болдың, осындай әкем барына өмір бойына мақтанып өтемін. Әрқашан көңілді жүретінсің, біз бақытты болуымыз үшін бәрін істедің. Ең үздік әке! Жұмақтасың деп үміттенемін, - деп жазды ол.