АКБАРЖОН ИСМАИЛОВ: ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН

11 Сәуір 2019, 10:38 1936

 

Ашығын айту керек, Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу – Қазақстан халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға.

Ел Президенті Қ.Тоқаев дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Сайлау ашық әрі әділ өтуі керек. Президентті халық өзі таңдаса, дұрыс болады, өйткені бұл нағыз демократияның белгісі. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз қауырт қарбалас өзгерістер мен жылдам әлемде өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі заманның өзгерістер үдерісі өте тез өтуде. Осыған байланысты Қазақстанға ерекше саяси потенциал мен әлеуметтік оптимизм ауадай қажет. Өз кезегінде кез-келген мемлекет пен саяси жүйенің эволюциясының болуы заңды процесс. Қазақстандағы өтпелі кезең тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің қалыпты деңгейінде өтеді деп сеніммен айта аламыз.

Акбаржон ИСМАИЛОВ

Нұр-Сұлтан қ. ҚХА «Астана-Сомониен» тәжік мәдени орталығының төрағасы

Бөлісу: