Air Astana-ның тағы бір ұшағы зақымданды

14 Тамыз, 14:20 446

Air Astana мәліметінше, 13 тамызда КС 267 Алматы-Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігіне тамақ таситын машина зақым келтірген, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, бұл рейстің жолаушылары басқа рейспен діттеген жеріне жеткізіледі.

Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: