«Air Astana» мен «FlyArystan» АҚ әуе компанияларына арнайы тексеру жүргізіледі

15 Тамыз, 03:16 703

«Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ әуекомпанияларына жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды, - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.

Зарина Арман
Бөлісу: