Air Astana-ға 876 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

4 Желтоқсан 2023, 09:30 950

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарымен Air Astana-ға қатысты бірлесіп жүргізген тексеру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Air Astana әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Air Astana жолаушылардың барлық санатынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды, - делінген мәліметте.

Анықтама: отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: