Air Astana флоты тағы бір жаңа ұшақпен толықты

29 Маусым, 19:40 669

Air Astana әуе компаниясының флоты жаңа ұшақпен толықты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астанаға Тулузадағы өндіруші зауытынан жаңа Airbus A320neo ұшағы келіп қонды. Бұл әуе кемесі әуекомпания флотындағы қырық жетiншi Airbus ұшағы болып отыр. Air Astana тобының жалпы ұшақ саны – 54, – делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: