Аида Бауыржанова - Азия чемпионатының қола жүлдегері

27 Мамыр, 04:18 1075

Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медаль жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. 

Айта кетелік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.

Зарина Арман
Бөлісу: