Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министр кездесуде президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.
Сондай-ақ, кездесу барысында министр жергілікті жұртшылықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Одан бөлек, Аида Балаева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, БАҚ өкілдерімен кездескені айтылды.