Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылы – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – ҚР президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдары – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары – ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР президентінің жарлығымен ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.