11.12.2023
17:52
75378
Аида Балаева сүйінші жаңалық айтты

Аида Балаева сүйінші жаңалық айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірақатар мәдениет орталығына мәртебе берілгенін айтты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» және «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Академиялық» мәртебе берілді, - деп жазды министр.