Аида Балаева ШЫҰ бас хатшысы Чжан Минмен кездесті

23 Мамыр, 10:09 420

Кездесу Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының туристік және мәдени астанасы Алматы қаласында өтті. Бұл мәртебе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезде бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы берік қарым-қатынастың негізі мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық екенін бірнеше рет атап өтті. Шанхай ұйымы Еуразия құрлығындағы он мемлекетті біріктіреді, онда планета халқының жартысына жуығы тұрады. Біздің халықтарымыздың мәдени әртүрлілігі мәдени алмасу мен мәдениет саласында керемет перспективаларға жол ашады, - деді министр.

Ведомство басшысы мына мәселелерді атап өтті:

• ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері кездескен 21-ші кеңесте бірлескен жұмыстың аралық нәтижелері қорытындыланып, перспективалар талқыланғанын еске салды;
• Мәдени байланыстың жемісті тәжірибелерінің бірі – «Мәдениет күндері» мен бірлескен мәдени іс-шаралар өткізу.

2022-2023 жылдары Қазақстанда төмендегі елдердің Мәдениет күндері аталып өтті:

• Ресей;
• Қырғызстан;
• Өзбекстан;
• Тәжікстан.

Сондай-ақ Қазақстанның мәдениет күндері сәтті ұйымдастырылып өткізілді:

• Ресей;
• Әзербайжан.

Биыл Тәжікстан мен Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.

Министр ШЫҰ қолдауымен осы тәжірибені жалғастыру мәдениет пен халықтардың одан әрі терең байланысына ықпал ететініне сенім білдірді.

2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «ШЫҰ-ның Киелі орындары» жобасы қолға алынды, оның аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде.

Өз кезегінде Чжан Мин министрдің барлық ұсыныстарын қолдауға және оларды іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: