08.12.2023
00:33
1222
Аида Балаева Ресей Федерациясының Елшісімен кездесті

Аида Балаева Ресей Федерациясының Елшісімен кездесті

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту жөніндегі тығыз және сенімді қарым-қатынастарын атап өтті.

Кездесу соңында Аида Балаева мен Алексей Бородавкин жастар саясаты, креативті индустрия саласын дамыту және басқа да маңызды бағыттардағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.