Аида Балаева әйел затына жасалған зорлық күнінде үндеу жариялады

25 Қараша 2023, 11:43 805

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.  

Бүгін - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Бұл дата біздің еліміз үшін несімен маңызды, мәні неде, тәлімі қандай? Бұл сұрақтарға жауап қоғамның өзінде жатыр. Өкінішке қарай, әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда. Ең сорақысы, қоғамның бір бөлігінің осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім тұр. Ал осы күні таяқ пен қорлықтан, психологиялық, жыныстық, тіпті экономикалық тұрғыдан зардап шегіп, өмірін өксікке толтырған мыңдаған әйел кейбіреулер үшін тілсіз статистика, - деді Аида Балаева.

Асқар Таудай
Бөлісу: