«Ағасы да парамен ұсталған еді»: Атырауда судья қамауға алынды

17 Қаңтар, 12:14 1384

Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясы Ерболат Аманғалиев қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап.

 Ерболат Аманғалиев пара алды деген күдікке ілінді. Оны жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып қолға түсірді.

Ол кәсіпкерден 3 миллион теңге алды деген күдікке ілініп отыр. Ерболат Аманғалиев тендер ұтып алуға көмектесемін деп уәде берген. Іс менің деректерім бойынша, “Алаяқтық” бабы бойынша тіркелді. Тағы бір нюанс бар. 2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев пара алғаны үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Иә, олар Ерболат екеуі – бауыр”, – деп жазылды арна мәліметінде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: