Африка елдерінің қарызы артқан

18 Тамыз, 23:15 444

Африканың тәуелсіз елдерінің жалпы қарызы 1 триллион долларға жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Клавер Гатете мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Африка елдерінің қарызы 1 триллион доллар деңгейіне жетті. Африканың қарызы көп әрбір үшінші елі күрделі қаржылық мәселелерге тап болған, - деді ол.

БҰҰ дерегіне сәйкес, қазіргі таңда әсіресе Зимбабве, Гана және Эфиопия секілді елдер қиын жағдайда тұр.

Мемлекеттік қарыздың өсуі Африкадан бөлек мемлекеттерде де байқалады. IFF Global debt monitor мәліметінше, әлем елдерінің 2024 жылғы бірінші тоқсанындағы қарызы 91,4 триллион долларға жетті.

Зарина Арман
Бөлісу: