АЭС ­– жауапкершілігі мен ертеңгі салмағы үлкен шешім – Аманжол Әлтай

28 Маусым, 11:36 664

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы референдум биыл күзде өтетінін айтты. Бұған қатысты Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, АЭС құрылысына қатысты референдум өткізу ең дұрыс шешім болды.

АЭС-тің пайдасы да бар, қауіпті жағы да бар. Сондықтан алдағы уақытта таразылап, қауіпті жағы басым ба немесе басқа ма, соны саралау керек. Бұл ойланбай шешім шығара салатын мәселе емес. Жауапкершілігі, ертеңгі салмағы үлкен шешім. Сондықтан да мемлекет басшысының референдум арқылы шешім қабылдау керек деп отырғына осы. Әлемдік тәжірибеге салсақ, АЭС арқылы мемлекеттің мәселелерін тұрақты шешіп отырған елдер бар немесе осының зардабын көрген елдер де бар. Сондықтан да бұл тақырып үлкен сараптауды талап етеді, - деді Аманжол Әлтай Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейінгі кулуарда.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік барын айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: