АЭС салу: ОСК мүшесі референдумға дайындық жайлы айтты

6 Қыркүйек 2023, 12:07 643

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында атом электр станциясын (АЭС) салу немесе салудан бас тарту мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы орайда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің АЭС құрылысына қатысты референдумға дайындық жұмыстары жайлы сұрадық.

Оқи отырыңыз:

Референдум өтетіні жайында жарияланды. Оны өткізу мерзімі кейінірек мәлім болады. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмыстарға дайын. Яғни сайлаушылар тізімін құру, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жұмыстар ескерілген, - деді Шавхат Өтемісов.

Ол алдағы уақытта барлық жоспарлы іс-шаралар атқарылатынын тілге тиек етті.

Референдум мерзіміне қатысты әлі жарияланған жоқ. Егер биыл ұйымдастыру туралы шешім жасалса, Орталық сайлау комиссиясы дайын болады, - деді ОСК мүшесі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: