АЭС құрылысына қатысты референдум қашан өтеді?

3 Сәуір, 12:36 540

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты референдум қашан өтетіні жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, референдумның өтетін уақыты мен күні, барысы Конституциялық заң бойынша жүйеленеді.

Референдумға Орталық сайлау комиссиясы жауапты. Оның процесіне, тыңдалым мен материалдарды дайындау жұмысына министрлік те атсалысып, дайындалады, - деді Сәтқалиев.

Энергетика министрі «АЭС құрылысында Қазақстанның қауқары қандай?» деген сұраққа жауап берді.

Қазақстанның АЭС құрылысында қауқары жоғары. Елімізде бұл салада арнайы мамандар мен сарапшылар бар. Эксплуатация бағытында да тәжірибеміз бар. Ядролық объектілердің бұған дейін де, қазір де тәжірибесі жеткілікті. Ядролық физика орталықтары бар. Олардың да бұл салада құзыреттілігі жоғары, - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Миражан Махан
Бөлісу: