АЭС - баламасы жоқ қуат көзі - сарапшы

5 Қыркүйек, 17:37 833

6 қазанда елімізде АЭС салуға қатысты республикалық референдум өтеді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР еңбек сіңірген энергетигі Владимир Яшков пікір білдіріп, «АЭС - баламасы жоқ қуат көзі» деп сендірді.

Профессордың айтуынша, Президент жолдауында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі экономикалық өзгерістерге басты назар аударылған. «Мемлекет басшысы белгілеген 9 басым бағыт мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті шешуге бағыттайды»,- дейді ол.

Президент жолдауындағы маңызды сәт - Қазақстанда АЭС салу референдумы мен атом энергетикасын дамыту күнін белгілеуі. Алдын ала дайындық жүргізіліп, атом электр станциясын салу мәселесі бойынша халықпен кездесулер өткізілді,-деп бастады Яшин.

Қазақстанның энергетика объектілерін салыстырсақ, еліміздегі көмір қоры 300 жылға жетеді. Париждің шығарындылар жөніндегі келісіміне сәйкес, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығымен жақындауға міндеттеме алды. Сондықтан көмір энергетикасына инвесторлар болмайды. Көмір өндірісі басым болып қала береді.

30 жыл ішінде бірде-бір газ-кен орны игерілмеген. Қазақстанда газдың жеткілікті көлемі жоқ. Мысалы, Жамбыл ГРЭС алты блокта екі-үш блокты режимде жұмыс істейді. Оған себеп - газдың қымбаттығы мен жеткіліксіздігі. Жаңартылатын энергия көздерінің тиімділігі де төмен. Мәселен, жел - 30% дейін, күн - 15%,-деді профессор.  

Елімізде атом энергетикасын дамыту үшін барлық қажетті алғышарттар бар. Қазақстан - Уран қоры бойынша әлемде екінші орында. Ал АЭС үшін уран - отын өндірудің тиімді технологиясы. Уран, тантал өнімдерін өндіру бойынша «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жұмыс істейді.

Атом электр станцияларының қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына қатысты мәселе жоқ. Халықаралық жіктеу бойынша атом электр станциялары «жасыл энергетика» бөліміне енгізілді. Бұл олардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын растайды.

Қазақстанның оңтүстігінде 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы шамамен 2 ГВт құрайды. Қазір Алматы облысында АЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр. Үлкен кенті – ұлттық электр желісінің топографиясы тұрғысынан ең қолайлы алаң деп танылды. 

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығымен жақындауға мүмкіндік береді. Атом энергетикасын дамытатын мемлекет айтарлықтай үлкен саяси салмаққа ие. Дамыған атом энергетикасы кезінде Қазақстан экономикалық өсу, энергетикалық тұрақтылық пен энергия қауіпсіздігі арасындағы теңгерімге қол жеткізе алады. Қазақстанда атом электр станцияларының пайда болуы әрдайым жоғары технологиялық өнеркәсіп пен ғылым салаларын дамытуды қоса алғанда, кешенді ұлттық дамудың драйвері болып табылады,-деп нақтылады спикер.

Президент Жолдауында атап өткендей, Электр энергетикасы секторын жаңғырту кезінде атом энергетикасын дамытуға барынша назар аудару қажет. АЭС құрылысы бойынша алдағы референдум жалпыұлттық диалогтың жарқын көрінісі болмақ. Сондай-ақ, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «әділ Қазақстан» идеясының нақты іске асуын айқындайтыны сөзсіз. Президент бастамалары, оның ішінде АЭС салу қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатыны хақ. Владимир Яшков өз ойын осылай қорытындылады.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: