АЭХА Қазақстан бастамасымен көтерілген елдердің егемендік теңдігі туралы қарарды қабылдады

1 Қазан 2023, 17:52 959

Венада өтіп жатқан АЭХА Бас конференциясының 67-сессиясы шеңберінде «АЭХА-дағы мүше-мемлекеттердің егеменді теңдігін қалпына келтіру туралы» қазақстандық қарар басым көпшілік дауыспен қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарар мүше мемлекеттердің агенттіктің басшы органдарында, сондай-ақ Агенттіктің тиісті консультативтік процестерінде тең өкілдік ету проблемасын шешуге бағытталған.

Сондай-ақ, АЭХА Бас конференциясының қарары мүше-мемлекеттерді Басқарушылар Кеңесі қатысушыларының құрамын кеңейту және географиялық өңірлер бойынша мүшелер тізімін қабылдауды көздейтін Агенттік жарғысының 6-бабына түзетуді тезірек ратификациялауға шақырады. Қазақстан бұл түзетуді 2019 жылы ратификациялады.

Қазақстан Агенттікте егеменді теңдікті қалпына келтіру бойынша күш-жігері шеңберінде АЭХА тарихында алғаш рет өңірлік топтарға кірмейтін 17 мемлекеттің тізімін дайындады.  Бұл тізім 2023 жылғы 10 тамызда Агенттіктің ресми құжатымен бекітілді және Словенияның төрағалығымен құрылатын «Достар тобы» (Arealess Member States достары Тобы) шеңберінде одан әрі жұмысты құруға негіз ретінде Бас конференцияның қарарына енгізілді.

Қазақстандық қарардың соавторлары ретінде АЭХА-нің барлық географиялық аймақтарын қамтитын 56 ел болды.

Асқар Таудай
Бөлісу: