Әділет министрлігі алаяқтардың жаңа әдісі туралы ескерту жасады

18 Қыркүйек 2023, 12:00 946

Әділет министрлігі соңғы кездері жиілеп кеткен алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өздерін әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда.

Осыған орай, Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды. Әділет министрігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егер де сіз аталған фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет, - деді Талғат Уәли.

Сондай-ақ Әділет министрлігінің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуыңызға болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: