Әділбек Мусин жүзуден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

19 Желтоқсан 2022, 13:05 1158

Мельбурнде өтіп жатқан 16-шы FINA әлем чемпионатында елордалық жүзуші Әділбек Мусин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Алдын ала жүзу кезінде ол 100 м баттерфляй қашықтығын 0:50,64 секундта бағындырды, бұл ҚР-ның жаңа рекорды болып саналады.

Жартылай финалда Әділбек 15-ші орынды иеленді.

Аделаида Пчелинцева брасстан 50 м қашықтықта 0:30,87 нәтижесін көрсетті.

EL.KZ
Бөлісу: