05.04.2023
15:46
1577
Адай және Қостанай тұқымды жылқыларын зерттеуге қыруар қаржы бөлінді

Адай және Қостанай тұқымды жылқыларын зерттеуге қыруар қаржы бөлінді

Адай және Қостанай тұқымды жылқыларын ғылыми зерттеуге 682,5 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қостанай жылқысының тұқымын есепке алу, асыл тұқымды екені туралы куәлік пен мәртебе беру, бағалау, сондай-ақ сынақтан өткізу мәселелері асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамамен реттелген. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық қаржыландыру аясында «Адай және Қостанай текті қазақи жылқының жүріктігін жетілдіру және сақтау» ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отыр. Оған шамамен 682,5 млн теңге бөлу көзделген, - деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.