Кембридж университетінің зерттеушілері адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін жалғасады деген тұжырымға келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу барысында ғалымдар адамның миының қызметі бес негізгі кезеңнен өтетінін анықтады: балалық, жасөспірімдік, ересек, ерте қартаю және кеш қартаю.
Сарапшылар туғаннан 90 жасқа дейінгі 4000-ға жуық адамның миын талдау үшін диффузиялық МРТ сканерін қолданды. Нәтижесінде мидың өмір бойы бес маңызды эволюциялық кезеңнен өтетіні белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін қытай ғалымдары адам миының жасушаларын тышқандарға трансплантациялау арқылы дофамин деңгейін арттыру жолын тапқан болатын.