25.07.2025
18:36
790
Адамдар тірідей жанып жатыр: Кипр мен Түркияда орман өрті өршіп тұр

Адамдар тірідей жанып жатыр: Кипр мен Түркияда орман өрті өршіп тұр

Кипр мен Түркияда алапат орман өрттерінің салдарынан адам шығыны көбейіп жатыр. Кипрде екі адам көз жұмса, Түркияда қаза тапқандар саны 12-ге жетті, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы  The Guardian басылымы жазды.

Кипрдің оңтүстігіндегі Лимасол қаласынан тыс жерде екі күн бұрын басталған өрт күшті жел салдарынан тау бөктеріндегі ауылдарға тез таралған. Екі адамның мүрдесі толықтай жанып кеткен автокөліктің ішінен табылды. Бұл — аралдағы соңғы елу жыл ішіндегі ең ірі орман апаты. Өрт ауыл шаруашылық алқаптарын, ондаған үйді жойып, Троодос тауы маңындағы жүздеген тұрғынды үйсіз қалдырды.

Ал Түркияда кемінде алты ірі орман өрті тіркеліп отыр. Елде бес күннен бері ауа температурасы +44°С-тан асып, маусымдық нормадан 6–12 градусқа жоғары деңгейде тұр. Ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрагим Юмаклидің айтуынша, аптап пен қатты жел ел бойынша өте қауіпті жағдай туғызып отыр.

Сәрсенбі күні Түркияның Батыс Эскишехир провинциясында 10 өрт сөндіруші тірідей жанып көз жұмды, тағы 14-і жараланды. Олар өрт бағыт өзгерткенде жанып кеткен.

Кейін өрт Афёнкарахисар провинциясына тарап, бірнеше ауыл мен қалалардан адамдар эвакуацияланды. Қара теңіз жағалауындағы Сакарья провинциясында да орман өрті жолдарды жауып, тұрғындарды көшіруге себеп болды.