Адам зорлау: Талдықорған полициясының бұрынғы басшысына неше жыл сұралды

30 Сәуір, 16:01 3810

Мемлекеттік айыптаушы адам зорлады деген Талдықорған полициясының бұрынғы басшысына 12 жыл беруді сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор бұрынғы полиция басшысының ісі бойынша өтіп жатқан соттағы жарыссөз барысында күдікті Марат Күштібаевты 12 жылға соттауды сұрады.

Биылғы ақпан айында Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті. Тыңдаулар жабық режимде өтті. Іс ҚК-нің 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полиция басшысына 27 жастағы әйелді зорлады деген айып тағылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: