Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкенттегі қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді

4 Ақпан, 17:43 733

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасын бақылауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте Маңғыстау облысының тумасы, 22 жастағы жігіт қыз алып қашқан. Қыздың туыстарының өтінішінен кейін күдікті қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкенттегі іс шектен шыққандықты көрсетеді, біз оны бақылауға алдық. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі қызды ұрлау ісі бойынша іске қосылып үлгерді, - дейді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне қала тұрғыны қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы мәлім еткен.

Жансая Әділбек
Бөлісу: