Адам органдарын сату және баланы заңсыз асырауға беру туралы жарнамалар көбейді – Базарбек

20 Наурыз, 11:45 578

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын талқылап жатыр. Заң жобасы аясында депутат Бақытжан Базарбек интернет желісіндегі заңсыз адам ағзасын сату мен сатып алу мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, заң жобасында интернет желісі арқылы жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазір әртүрлі сайттарда жыныстық қызмет көрсету, адам ағзалары мен тәндерін сатып алу, сату, сондай-ақ балаларды заңсыз асырауға беру туралы жарнамаларды көруге болады.

Заманауи технологияларды ескере отырып, мұндай чаттар шетелде де, бізде де ашылады. Мұнда республика азаматтары және шетелдіктер ұйымдастырушылар бола алады. Осыған байланысты бірнеше сұрағым бар. Осындай хабарландыруды бақылауды қашан қолға аласыздар? Мұндай жабық топтар қалай анықталады? Егер олар шетелде болса, осындай чаттарды ұйымдастырушылар қалай жауапқа тартылады? Заң жобасын қарасам, өте әлсіз, механизмдері аз. Қарастырылып отырған заң жобасында осындай әрекеттерді жарнамалауға тыйым салу механизмдерін байқап отырған жоқпын, - деп депутат өз сауалын ішкі істер министрі Ержан Саденоваке жолдады.

Депутат бұған дейін Ішкі істер министрлігіне бірнеше сауал жолдағанын атап өтті.

Полиция қызметкерлері жезөкшелік, притондардың үстінен қарап отырады деген позицияны әлі де ұстанып отырмын. Осыдан бір жыл бұрын қанша полиция қызметкері жауапқа тартылды деген сұрақ қойдым. 2023 жылы бар болғаны 5 полиция қызметкері жауапқа тартылыпты. Егер осы іске кірісіп, мына ақпараттың бәрін жоққа шығарсам, бұл ақпарат жалған боп қалады ғой, - деді мәжілісмен.

Депутаттың бұл сауалына ішкі істер министрі Ержан Саденов жауап берді. Сөзінше, бүгінде «Кибернадзор» деген бағдарлама жұмыс істейді.

Бағдарлама бойынша осыны анықтаған сәтте оған тосқауыл қоямыз. Қылмыстық әрекеттері бар осындай жарнамаларға 6 мыңнан астам тосқауыл қойдық. Оның ішінде осы заң жобасына қатысты 620 жағдай. Өкінішке қарай, оның жетекшілері көбіне шетелде отырады. Құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттермен келісімге қол қойып жатырмыз. Факт анықталған кезде оларға сұраулар жібереміз, - деп түсіндірді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: