Адамзаттың ғарышқа деген қызығушылығы ешқашан бәсеңдеген емес. Сөйте тұра соңғы жарты ғасырда Айға жасалған сапарлар тарих бетінде ғана қалып қойып еді. Енді сол үзіліс аяқталып, «Артемида II» миссиясы адамзатты қайтадан Жер серігіне жақындатып отыр.
Бұл күндері «Артемида II» миссиясының экипажы Айды айналып өтіп, адамзат тарихындағы ең алыс қашықтыққа жетуге дайындалып жатыр. Егер бәрі жоспарға сай өтсе, астронавтар бұрын-соңды ешбір адам бармаған деңгейге жетуі мүмкін.
Сенбі күні экипаж мүшелері алдағы ұшудың маңызды кезеңіне дайындық жүргізіп, Ай бетінің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Олар сапар барысында түсірілетін нысандарды алдын ала зерделеп, ғылыми бақылауларға дайындалды.
Оқи отырыңыз:
Ұшу барысында түсірілген ең әсерлі сәттердің бірі – Айдың арғы бетінің суреті. Бұл кадр 7 сәуір күні NASA-ның ресми парақшасында жарияланды.
History in the making
— NASA (@NASA) April 5, 2026
In this new image from our @NASAArtemis II crew, you can see Orientale basin on the right edge of the lunar disk. This mission marks the first time the entire basin has been seen with human eyes. pic.twitter.com/iqjod6gqgz
Суретте Айдың екі бөлігі – бізге таныс жақ беті мен көзге көрінбейтін арғы жағы қатар бейнеленген. Ғалымдардың айтуынша, бізге жақын бетіндегі қара дақтар жанартаулар белсенділігінің іздері болса, ал батыс бөлігінде алып Ориентале кратері орналасқан. Оның диаметрі шамамен 600 мильге жетеді және ол Айдың екі жағын да қамтиды.
Ең қызығы, «Артемида II» экипажы дәл осы кратерді толық күйінде көрген алғашқы адамдар атанды. Бұл жай статистика емес, бұл – адамзаттың мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдейтін нақты факт.
Экипаж мүшелерінің сөзінше, бұл сапар ерекше әсер берген.
Дәл қазір ғарыштамыз, Жерден өте алыс қашықтықтамыз. Отбасыммен бір сәтке байланысқа шықтым, бұл өмірімдегі ең керемет сәт болды, – деді миссия командирі Рид Уайзман.
Оның айтуынша, борттағы көңіл күй жақсы. Астронавтар күнді қарапайым таңғы аспен бастап, сонан соң ғылыми жұмыстарға кіріседі.
Кеше біз Айдың арғы бетін алғаш рет көрдік. Алған әсерімде сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деді миссия маманы Кристина Кох.
Ал канадалық астронавт Джереми Хансен балалық шақтағы арманы орындалғанын айтады:
Өзімді кішкентай бала сияқты сезініп тұрмын.
WATCH IN FULL 🇺🇸 https://t.co/NBEzoT1uwR pic.twitter.com/V2e1pY4wlv
— The White House (@WhiteHouse) April 7, 2026
Миссияның тағы бір ерекшелігі – бақылау биіктігі. «Аполлон» бағдарламасы кезінде астронавтар Айдан небәрі 70 миль биіктікте ұшса, «Орион» экипажы 4 мың мильден астам қашықтықта орналасқан. Бұл оларға Айды толық көруге, соның ішінде полюстерге жақын аймақтарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Негізі Айдың арғы беті Жерден ешқашан көрінбейді. Себебі ол өз осінен дәл Жерді айналған уақытпен бірдей жылдамдықта айналады. Соңғы рет бұл аймақты адам көзі 1972 жылы «Аполлон-17» миссиясы кезінде көрген.
Бүгінде технология да өзгерді. Астронавтар кәсіби камералармен қатар, смартфондарды да пайдаланып жатыр. Бұл – ғарыш миссияларындағы жаңа кезеңнің белгісі.
Бұған дейін NASA кемесі Жер орбитасынан шыққаны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар «Орион» экипажының басты мақсатына және бұл миссия АҚШ-ты қалай байытатынына тоқталғанбыз.