Қазақстандық Абзал Әжіғалиев шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
А финалында Абзал Әжіғалиев олимпиада чемпионы, канадалық Максим Лауннан кейін мәре сызығын екінші болып қиды. Тағы бір олимпиада чемпионы, кореялық Ли Чжун Со үздік үштікке ілікті.
Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогі кезеңі 6 қараша күні де жалғасады.