10.05.2025
20:38
941
Абылайхан Жұбаназар Астанада Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Абылайхан Жұбаназар Астанада Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81кг келіде елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды.

Аталған турнирде кеше қазақстандық 4 дзюдошы жүлдегер атанды. Олардың арасында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) күміс жүлде иеленсе, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (60 кг) қола медальға қол жеткізген еді. Бүгін жүлдегерлер қатарына екі қола жүлдемен Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар қосылып отыр.