13.05.2024
20:13
1415
Абылай Мырзахметов 5 жылға сотталды

Абылай Мырзахметов 5 жылға сотталды

"Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың мамыр айында қамауға алынған ол ірі көлемдегі қаржы алаяқтығы бойынша айыпталған болатын. 

А.Мырзахметов сот үкімі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5,8 млрд теңге көлеміндегі қаржысы тәркіленді. 

Сот барысында ол өз кінәсін мойындап, тергеу амалдарына көмектескені айтылды.