Abu-Dhabi Grand Slam: Дәурен Сүюкенов үздік үштікке енді

Кеше, 20:29 135

Отандық дзюдошы Дәурен Сүюкенов (60 кг) Абу-Даби қаласында басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыстың қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлесіміз өз салмағындағы кіші финалда отандасы Мағжан Шамшадиннен басым түсті.

Спорт дамыту дирекциясының мәліметінше, бұл Дәурен Сүюкеновтің Үлкен дулыға санатындағы жарыстағы 3-қола жүлдесі.

Айта кетейік, Дәурен Сүюкенов жұбаныш белдесуінде Камолиддин Бахтиоровты (Өзбекстан) ұтқан.


Перизат Саденова
Бөлісу: