Әбу-Дабидегі Grand Slam-да Қазақстанның үздік балуандары күреседі

24 Қазан 2023, 05:31 780

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында 24-26 қазанда дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, аталмыш жарысқа әлемнің 81 елінен 461 спортшы келеді деп жоспарланған. Айтулы додада Қазақстан командасы толық құрамда бақ сынамақшы.

Әйелдер:

Әбиба Әбужақынова – 48 келі,

Ғалия Тынбаева – 52келі,

Эсмигүл Куюлова – 63келі,

Екатерина Токарева – 70 келі,

Маргарита Гриценко – 78келі,

Кәмила Берліқаш және Назгүл Маратова – 78 келіден жоғары.

Ерлер:

Нұрқанат Серікбаев пен Мағжан Шамшадин – 60 келі,

Ғұсман Қырғызбаев пен Сұңғат Жұбатқан – 66 келі,

Данияр Шамшаев пен Жансай Смағұлов – 73 келі,

Абылайхан Жұбаназар мен Айбол Нысанәлі – 81 келі,

Ермахан Әнуарбеков пен Аян Байғазы – 90 келі,

Нұрлыхан Шархан мен Ислам Бозбаев – 100 келі,

Ғалымжан Қырықбай мен Ерасыл Қажыбаев – 100 келіден жоғары.

Перизат Саденова
Бөлісу: