16-25 қазан аралығында Абу-Дәбидегі Etihad Modern Art Gallery (V15, Al Huwelat St. Al Bateen) галереясында қазақстандық белгілі суретші әрі дизайнер Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» атты көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көрме экспозициясы көшпенді өркениетінің жадына – Ұлы даланың дәстүрлері, рухани құндылықтары мен мәдениетіне арналған. Суретшінің еңбектері өткен мен болашақты байланыстырып, ұрпақтар сабақтастығын паш етеді.
Көрмеде ұсынылатын туындылар:
Балнұр Асанова – өнертану кандидаты, «Сымбат» сән академиясының арт-директоры, халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол Ресей, Дубай, АҚШ және Қазақстандағы сән апталықтарына қатысып, еңбектері Түркия, Австрия, Египет, Франция, Германия, Нидерланд, Италия, Швеция, АҚШ елдерінде көрмеге қойылған. Сондай-ақ оның туындылары әлемнің жеке коллекцияларында сақтаулы.
Көрме күндері: 16-25 қазан аралығы
Жұмыс уақыты: күн сайын 10:00-17:00
Мекенжай: Etihad Modern Art Gallery, V15, Al Huwelat St. Al Bateen, Әбу-Дәби, БАӘ