Абиба Әбужақынова: Толық құраммен келмесек те, барымызды салдық

3 Тамыз, 14:13 571

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі  Абиба Әбужақынова командалық жарыстан  кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік. Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік  көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін. Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын, - деді Абиба. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы айналымда дзюдошылар Бразилияға 5:2 есебімен жол берді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: