Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады

27 Шілде, 16:21 597

Париж Олимпиадасында дзюдодан ел намысын қорғап жатқан Абиба Әбужақынова жартылай финалға шығар сында есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ширек финалдық белдесуде испаниялық  Лаура Мартинез Абелендамен белдескен болатын. Ол негізгі уақытта әдіс бойынша қарсыласынан басым түсе алмады. Төреші белдесуде отандасымызға 1 шидо берсе, қосымша уақытта тағы бір ескерту жасады. 

Алайда шешуші сәтте Абибаға Испания өкілі нәтижелі әдіс жасап, қарсыласын қапы қалдырды. Осылайша ұлттық құрама мүшесі енді жұбаныш белдесуін Парагвай балуаны Габриэла Нарваезбен татамиге шығады. 

Абиба Әбужақынова іріктеу кезеңдерінде Израиль, Тайпей спортшыларын айқын ұтқан болады. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: