24.09.2023
14:36
1101
Абиба Әбужақынова өзі қатысқан алғашқы Азия ойындарында күміс иеленді

Абиба Әбужақынова өзі қатысқан алғашқы Азия ойындарында күміс иеленді

Қазақтың дзюдошы қызы Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандық спортшы финалда әлемнің үш дүркін чемпионы Нацуми Цунододан ұтылды. 

Белдесу барысында бірнеше рет Абибаның мұрны қанап кеткені де оған біраз кедергі келтірді. 

Десе де, Абиба Әбужақынова өзі алғаш рет қатысқан Азия ойындарында бірден финалға шығып отыр.