Абиба Әбужақынова Анталияда қола жүлде үшін күреседі

29 Наурыз, 17:34 638

Абиба Әбужақынова Анталияда өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда 3 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының жеңімпазы Нацуми Цунодадан (Жапония) жеңіліп қалды. Екі спортшы былтыр Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының финалында күресіп, белдесу жапон өкілінің пайдасына шешілген.

Абиба күндізгі сессияда Ракиель Бритоны (Португалия), Кристина Дудинаны (Ресей) және ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ) ұтып, D тобында топ жарған.

Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Диана Буркеева алғашқы белдесуінде парагвайлық дзюдошыдан жеңіліп қалды. Айта кетейік, бұл салмақта 42 дзюдошы жүлдені сарапқа салып жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: