Әбиба Абужақынова Абу-Дабиде қола жүлде еншіледі

11 Қазан, 19:31 633

Ұлттық құрама спортшысы, 48 келі салмақтағы дзюдошы Әбиба Абужақынова Абу-Дабиде басталған Grand Slam турнирінде тұғыр сатысына көтерілді. Отандасымыз қола жүлдеге таласта Сара Ишттың (Германия) жауырынын жерге тигізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұл Әбибаның Grand Slam санатындағы жарыстағы 8-жүлдесі (1 күміс, 7 қола).

Отандасымыз бүгін іріктеуде Марина Воробьеваға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде француз дзюдошысын ұтты.

IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Home of Qazaqstan Sports (@qaz_team_official)

Перизат Саденова
Бөлісу: