«Абайсызда өлтіріп алды». Ақмола облысында әкесі 2 жастағы қызын көлігімен басып кетті

16 Ақпан, 16:00 3138

Ақмола облысына қарасты Ақмол ауылында екі жасар қыз көлік астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам әйелі мен қызын балабақшаға жеткізген. Анасы мен бүлдіршін көліктен түсіп, мекемеге беттегенде, көлігін кейін қарай шегермек болған ер адам әлі өтіп үлгермеген екі жастағы қызын басып кетті.

Жедел жәрдем уақытылы жеткенімен, бүлдіршін көз жұмды. Өкініштісі сол аңдаусызда әкесі өзінің туған қызының өліміне себепкер болды.

Қазір кәмелет жасына толмаған бүлдіршіннің өлімімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: